140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Пациенттерді Қолдау қызметі (Ішкі аудит қызметі)

03.04.2016

ШЖҚ «Павлодар ауданының емханасы» КМК Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 58 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсанындағы «Медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен өткізу Қағидаларын беркіту туралы» № 1577 қаулысының негізінде, Пациенттерді қолдау мен медициналық қызметтер сапасын ішкі бақылау Қызметі құрылды.

Қызметті бас дәрігердің аудит жөнінде орынбасары Сәуле Олжабайқызы Ибраева басқарады.

Қызмет құрамына енетіндер:

  • Басшының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;
  • отбасылық денсаулық орталығының басшысы;
  • статистик дәрігері;
  • патронаж қызмет координаторы;
  • бас медбике;
  • инфекциялық бақылау медбикесі.

Пациенттерді Қолдау Қызметінің мақсаты- мәселелік сұрақтарды айқындау мен медициналық көмек көрсету сапасын әрі қарай жақсарту.

Егер де Сіз:

-Медициналық көмек көрсету сапасына наразы болсаңыз;

-Медициналық қызметкерлер жағынан дөрекі қатынаспен кездессеңіз;

-Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберіндегі көрсетілетін медициналық қызметтер үшін, медицина қызметкерлері ақша қаражаттарын бопсалаушыдық фактілерімен кездессеңіз;

— Сонымен қатар медициналық көмек сапасы мен тәрбібіне қатысты, басқа да мәселелік сұрақтарға тап болған жағдайда Пациенттерді Қолдау Қызметіне жүгініңіз.

Сіз өзіңіздің аты-жөніңіз, байланыс телефондарыңыз бар жазбаша өтінішіңізді емхананың тіркеу орнындағы Өтініштер жәшігіне қалдыруыңызға болады. Сонымен қатар 8-708-466-86-70 (WhatsApp) ұялы телефон бойынша қоңырау шалыңыз.

Пациенттерді Қолдау Қызметі Сіздің өтінішіңізді аз уақытта қарастырып, 5 күн ішінде Сіздің өтінішіңіздің нәтижелері бойынша мәлімет ұсынады.

Пациенттерді Қолдау Қызметіне пациенттердің өздері, сонымен бірге олардың туыстары да жүгінуге құқылы.

Бізге ұйымдағы медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсартуға жол беретін Сіздің өтініштеріңіз, ұсыныстарыңыз, түсініктеріңіз үшін Сізге алғыс білдіреміз.

Құрметпен,

Пациенттерді Қолдау Қызметі






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа