Студенттердің МӘМС жүйесіндегі мәртебесі
Егер сіз күндізгі бөлімде оқитын студент болсаңыз – МӘМС жүйесінде жеңілдік санатындағылар тізіміне кіресіз. Сіз үшін жарналарды мемлекет төлейді, яғни өз қалтаңыздан төлемейсіз.
Сондай-ақ, күндізгі бөлімде оқып жүріп, жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші сіз үшін аударымдар төлеуден босатылады.
Бұдан бөлек, жеке кәсіпкер болсаңыз және күндізгі бөлімде оқып жүрсеңіз, МӘМС жарналарын төлеуден босатыласыз.
Айта кетерлігі, Қор жеңілдік санатын бермейді. Тізім Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері негізінде, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер арқылы қалыптастырылады.
Жарналар бойынша қарызды болдырмау және «сақтандырылған» мәртебесін сақтау үшін Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы жеңілдік санатының бар-жоғын тексеріп отыруды ұсынамыз. Егер жеңілдік санаты шықпаса, деректерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерге дұрыс енгізу үшін өз жоғары оқу орныңызға жүгініңіз.
Шетелде оқитын студенттер «сақтандырылған» мәртебесін алу үшін egov.kz порталында өздігінен тіркеледі.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.