140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

2024 ЖЫЛЫ БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ БОЛМАЙДЫ: МӘМС-КЕ ҚАЛАЙ ТӨЛЕМ ЖАСАЙМЫЗ?

05.10.2023

БЖТ бастапқыда уақытша төлем ретінде 5 айға – 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізілді.

Келесі жылдан бастап бұл төлем түрі болмайды.

2024 жылы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін, азаматтар:

• Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 1,4 ең төменгі жалақы мөлшерінің 5% төлей алады.

• Дербес төлеуші ретінде 1 ең төменгі жалақы мөлшерінің 5% төлей алады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының стратегия департаментінің директоры Дамир Көбжасаров: «Бірыңғай жиынтық төлемнің негізгі мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Сондықтан бұл төлемдері төмен жеңілдік кезеңі болды. Қазір жеке тұлғалардың табысын декларациялау кезең-кезеңімен енгізілу үстінде. Бұрын кәсібін тіркемеген азаматтар кәсіпкер ретінде тіркелуі керек».

-->





Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа