АИТВ ЖӘНЕ “СОЗЫЛМАЛЫ ВИРУСТЫҚ С ГЕПАТИТІ” КОИНФЕКЦИЯСЫ БАР ПАЦИЕНТТІҢ МАРШРУТЫ.
✔ ЖИТС орталықтарында байқалатын АИТВ инфекциясы бар пациенттер кезең-кезеңімен талдаулар, оның ішінде С гепатиті вирусының РНҚ анықтауға иммунохроматографиялық талдау (ИХТ) немесе иммуноферменттік талдау (ИФТ) тапсырады.
✔ Жүргізілген талдаулардың оң нәтижесі болған жағдайда, ЖИТС орталығынан пациент өзінің созылмалы ауруын – созылмалы “С вирустық гепатитін” одан әрі динамикалық бақылау мақсатында диспансерлік есепке қою үшін тіркелген жері бойынша емханаға жіберіледі.
✔ Емханаға жүгінген кезде пациенттің қолында созылмалы С вирустық гепатитіне ПТР (сапалы) әдісімен оң нәтижелер және амбулаториялық картадан үзінді көшірме болуы тиіс.
✔ Д-есепке қою үшін басты критерий қанда 6 айдан астам HCV РНҚ болуы болып табылады.
✔ Осы нәтижелердің негізінде, пациентте сақтандырылу мәртебесі болмаса да, жалпы практика дәрігері оны одан әрі медициналық қызмет көрсету және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша дәрілік көмек (АДҚ) ұсыну үшін диспансерлік есепке қоя алады.
Егер Д-есепке қою үшін қосымша тексерулерден өту қажет болса, бұл жағдайда пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесіне ие болуы қажет.