140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

ТМККК және МӘМС-те халықтың қандай санаттары стоматологиялық медициналық көмек ала алады?

13.07.2023

ТМККК және МӘМС стоматологиялық көмекті барлық азаматтар пайдалана алмайды.
Бұл азаматтардың санаттары Денсаулық сақтау министрінің № 106 бұйрығымен бекітілген:

Шұғыл стоматологиялық көмекті кімдер ала алады:
1) балалар
2) жүкті әйелдер
3) Ұлы Отан соғысының ардагерлері
4) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер
5) “Алтын алқа”, “Күміс алқаcымен” марапатталған көп балалы аналар
6) атаулы әлеуметтік көмек алушылар
7) зейнеткерлер
8) инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар
9) мүгедек балаға немесе бірінші топтағы мүгедекке күтімді жасайтын жұмыс істемейтін адамдар жатады

Жоспарлы стоматологиялық көмекті балалар мен жүкті әйелдер алады

✅ Пациенттер шұғыл стоматологиялық көмекті учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз ала алады. Міндетті шарт-стоматологиялық клиника ӘМСҚ жеткізушілерінің деректер базасына кіруі тиіс

-->





Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа