Республика күні қарсаңында марапаттау
Республика күні қарсаңында Павлодар ауданының денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан зор үлесі, адал еңбегі және қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде орындағаны үшін емханамыздың қызметкерлері марапатталды.
Марапат иелері:
- Еркасова Шолпан Шерниязовна — эндокринолог дәрігерінің мейіргері;
- Нургазинова Махаббат Жасулановна — Набережное дәрігерлік амбулаториясының әлеуметтік қызметкері;
- Жансакбаев Мурат Абыкенович — инженер;
- Байжуманова Рысжан Васильевна — фельдшер-зертханашы;
- Анаева Айгуль Сатыбалдыевна — Новочерноярка дәрігерлік амбулаториясының санитаркасы.
Әрбір қызметкердің еңбегі — халық денсаулығын сақтау жолындағы ортақ істің маңызды бөлігі. Кәсібилік, жауапкершілік пен өз ісіне деген адалдық — денсаулық сақтау саласының дамуына негіз болатын құндылықтар.
Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және жаңа жетістіктер тілейміз! 💙




Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.