Қызғылт қазан: Новочерноярка және Ефремовка ауылдарында түсіндіру жұмыстары
«Қызғылт қазан» сүт безі обырына қарсы күрес айлығы аясында Новочерноярка және Ефремовка ауылдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға сүт безі обырының алдын алу, ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы, профилактикалық тексерулерден уақтылы өту және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы ақпарат берілді.
Ерте диагностика — өмірді сақтаудың маңызды қадамы! Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз, тексерілуді кейінге қалдырмаңыз!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.