Қызғылт қазан: Мичурино ауылында сүт безі обырының алдын алу
«Қызғылт қазан» сүт безі обырына қарсы күрес айлығы аясында Мичурино ауылының дәрігерлік амбулаториясында сүт безі обырының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға сүт безі обырының алдын алу шаралары, ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы және профилактикалық тексерулерден уақтылы өтудің қажеттілігі туралы ақпарат берілді.
Ерте диагностика — өмірді сақтайды! Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз, тексерілуді кейінге қалдырмаңыз!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.