Меруерт Мельник Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды
Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекелерінің бірі — Республика күні қарсаңында, Меруерт Амангелдіқызы Мельник қоғамдық денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі, қажырлы еңбегі және кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Павлодар аудандық емханасының ұжымы Меруерт Амангелдіқызын осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды!
Оған зор денсаулық, бақ-береке, сарқылмас қуат, кәсіби табыс және халық денсаулығы жолында жаңа жетістіктер тілейміз!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.