Қызғылт қазан: АМСК қызметкерлеріне арналған семинар
«Қызғылт қазан» сүт безі обырына қарсы күрес айлығы аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) қызметкерлеріне арналған сүт безі обырының алдын алу бойынша семинар ұйымдастырылды.
Семинарды Новоямышево дәрігерлік амбулаториясының акушері Пинчук Н. А. өткізді.
Іс-шара барысында сүт безі обырының алдын алу, ауруды ерте анықтау, профилактикалық тексерулерден уақтылы өтудің маңыздылығы және әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері қарастырылды.
Ерте диагностика — өмірді сақтайды!

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.