140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Туберкулезді анықтау және диспансерлік бақылау бойынша семинар-тренинг

22.10.2026

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымдарының медицина қызметкерлеріне арналған «Туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтау және диспансерлік бақылаудың заманауи стандарттары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинарды эпидемиолог дәрігер мен ересектер фтизиатры жүргізді. Іс-шара барысында туберкулезді ерте анықтау, науқастарды диспансерлік бақылау және аурудың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды.

Мақсаты — медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін жетілдіру, туберкулездің алдын алу және медициналық көмектің сапасын арттыру.

Ерте анықтау — тиімді ем мен аурудың алдын алудың маңызды қадамы!






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа