140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Темекісіз өмір — денсаулықты таңдаудан басталады!

22.10.2026

Емханамызда мінез-құлықтық қауіп факторлары мектебі аясында «Темекісіз өмір» тақырыбында ақпараттық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында темекі шегудің адам ағзасына тигізетін зияны, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесіне әсері, темекіден бас тартудың пайдасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары талқыланды.

Іс-шараны Салауатты өмір салты бойынша үйлестіруші Сейткулова З.Е. кардиологтың медбикесі Егорова С.В.-мен бірлесіп өткізді.

Темекісіз өмір — өз денсаулығың үшін жасаған дұрыс таңдау! 💙






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа