МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
Бүгін Павлодар ауданының емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, атеросклероз» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар барысында жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу, атеросклероздың қауіп факторлары, сондай-ақ асқынулардың алдын алу және ауруларды ерте анықтаудың маңыздылығы қарастырылды.
Семинарды кардиологтың мейіргері Егорова С.В. алғашқы медициналық-санитариялық көмек бөлімінің аға мейіргері Нурпеисова А.Б.-мен бірлесіп өткізді.
Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін арттыруға және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.