140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

2017 жылғы 15 мамыр Халықаралық отбасы күні

15.05.2017

«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде және Салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық орталығының қолдауымен республикада 2017 жылғы 15 мамыр күні «Отбасы, салауатты өмір мен жарқын болашақ!» ұранымен халықаралық отбасы күні аталып өтті.

Мақсаты: отбасылық дәстүрлерді жандандыру арқылы баланың дамуы мен тұлғалық өсуіне отбасылық жағдайын жасауға әрекет ету, отбасы рухани құндылықтарын нығайту, оның зияткерлік, мәдени деңгейін арттыру және денсаулық сақтайтын дағдылар мен қауіпсіз мінез-құлықтарды қалыптастырумен балалық және жасөспірім жастан бастап, ер және әйелдің репродуктивтік денсаулығын сақтау бойынша отбасының хабардар болуын арттыру.

Халықтың, балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында денсаулықты сақтау және нығайту, сонымен бірге ер және әйелдің репродуктивтік денсаулығын сақтау бойынша, отбасын жоспарлау, қажетсіз жүктілікті алдын алу мәселесі бойынша хабардар болуы мақсатымен 15 мамыр күні отбасын жоспарлау мектебі мен репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау орталығында гинеколог пен уролог дәрігерлерінің кеңесімен ашық есік күні ұйымдастырылды. н арттыру. «Болашақ» МДО Ново-Ямышево ауылының жалпы орта білім беру мектебінің 8-11 сынып оқушыларына арнап «Өскелең ұрпақтың адамгершілік және жыныстық тәрбиесі» тақырыбына дәріс оқылып, бейне-роликтер көрсетіліп, бүктемелер таратылды.

Ал Чернорецк ауылының жалпы орта білім беру мектебінде сурет конкурсы мен флеш-моб өтті.

%D1%847

%D1%846

%D1%84%D0%BB%D0%B5

IMG_6515






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа