18 ақпан күні 9–11 сынып оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Кездесу барысында мектептің медициналық қызметкері Сулейменова М.Т. есірткі заттарының зияны, олардың адам денсаулығына тигізетін кері әсері және болашақ өмірге әкелетін салдары туралы түсіндіріп өтті. Сондай-ақ оқушыларға тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, арнайы дайындалған көрнекі плакат таныстырылды.
Әңгіменің негізгі мақсаты – оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және зиянды әдеттерге «жоқ» деп айта білуге үйрету.
Денсаулық – ең басты құндылық! 💚
Өз болашағыңызды қорғаңыз! 🚫💊

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.