✨ Рамазан айындағы игі істер ✨
Жұма күні, 2026 жылғы 27 ақпанда, Павлодар ауданы емханасының қызметкерлері бірігіп, мұқтаж отбасыларға арнап 20 азық-түлік себетін жинады.
📦 Азық-түліктер Павлодар ауданының ауылдарында тұратын көпбалалы және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға табысталды.
🤝 Жеткізуді амбулаториялардың әлеуметтік қызметкерлері ұйымдастырды.
🙏 «Таза жүректен» атты акциямыз ерекше көмекке мұқтаж жандарға қуаныш пен жеңілдік сыйлай алатынымызды көрсететін жарқын үлгі болсын.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.