140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Өз постында

17.05.2018

Жақында Новоямышево және Чернорецк ауылдарында жаңа жедел жәрдем посттары ашылды. Бұл рәсімге облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, ШЖҚ «Санитариялық әуе республикалық орталығы» РМК директоры Нуржан Отарбаев және денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ораз Мукашев қатысқан болатын. Жүрек-тамыр аурулары науқастарына медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру мақсатымен біздің аймағымыздық жедел жәрдем қызметіне зор көңіл бөлінеді. Яғни, екі жыл бұрын республикамызда алғаш рет Павлодар облысында «Жедел жәрдем» кластері құрылып, ол заманауи деңгейде аудандық жедел жәрдем бөлімшелерін облыстық стансасымен тікелей байланыстырды.

– Облыс әкіміның орынбасары Мейрам Бегентаевтың Новоямышево постының ашылуында: «Павлодар облысының жедел жәрдем кадрлары білікті» екендігін атап өтті. Жаңа менеджмент түрін қолдану, көмек көрсету тиімділігі 37 пайызға артып отыр. Облыс әкімі Болат Бакауов жыл басында осындай тапсырма берген болатын. Мұндай қадам

өңіріміздің бюджеті үшін шығынды, бірақ аман қалған өмірлер үшін пайдалы. 2016 жылы облыстық бюджет қаражатынан алты «Мерседес» маркалы санитариялық автокөліктері, 2017 жылы тоғыз «NEXT» ГАЗелі, сонымен қатар 266 млн. теңге сомасына 19 дана Бизнес ГАЗелінен тұратын жедел медициналық жәрдем кешені сатып алынған болатын. Тұрақты негізде жергілікті бюджеттен медициналық құрал-жабдықтар, компьютерлер сатып алынуына және медициналық қызметкерлер халықаралық стандарттарына сай оқуларына қаражат бөлініп отырады. Жедел медициналық жәрдем қызметін қолжетімді, уақытылы және тиімділігін арттыру мақсатымен облымс әкімдігі тағы 5 жаңа қосымша бригадаларының ашылуын мақұлдап, ауылдық өңірлерде де соншама жаңа жедел жәрдем посттары ашылатынын айтты.

Новоямышево және Чернорецк ауылдарында жаңа жедел жәрдем посттарының ашылуының мақсаты – жергілікті және жақын елді-мекендер тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсету сапасын арттыру. Бұл елді-мекендер жанында Павлодар-Семей көлік жолы орналасқан, ал ол жарақаттар учаскесі болып табылады. 2017 жыл қорытындылары бойынша бұл трассада 50 жол – көлік апаттары тіркелді. Мысалы, бүгінгі рәсім алдында Новоямышево ауылының қасында жол апаты болып, адам ауыр сындырулармен ауруханаға жеткізілді. Жаңа санитариялық автокөлігімен науқас Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді. Сондықтан бұл посттардың ашылуы өңіріміздің жолдарындағы өлім жағдайларын төмендетуге көмектеседі. Облыстық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Ахметжанов Канадан: посттардың арқасында ЖКА орнына жедел жәрдемнің жетуі 21 минөттен – 15 минөтке дейін өзгеретінін айтты. Посттардағы фельдшерлер тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Уақытылы және сапалы медициналық көрсету үшін оларда қажетінің бәрі бар, яғни толық дәрі-дәрмектер жинағы, тромболиттер, барлық медициналық құралдар мен заманауи жабдықталған реанимобиль. Онда дефибрилляторлар, кардиографтар, қашықтан басқарумен жаңа кардиометрлер бар.

111

4444

333

222






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа