«Өзіңнің АИТВ – мәртебеңді біліп ал!» ұранымен акция
«Өзіңнің АИТВ – мәртебеңді біліп ал!» ұранымен акция.
Жедел – талдаудан өтіңіз. АИТВ-жұқпасы, өрт тәрізді қазіргі кезде барлық құрылықты шарпуда. Өте қысқа мерзім ішінде ол медицина үшін нөмірі бірінші проблемаға айналды. 2017 жылғы 24 қараша күні «Болашақ» жастар денсаулық орталығының қызмектерлері Б. Жуматаева мен А. Хайруллина Павлодар облыстық ЖИТС-пен күрес орталығымен бірлесе отырып, Павлодар ауданының поликлиникасы негізінде «Өзіңнің АИТВ – мәртебеңді біліп ал!» ұранымен акция өткізді.
Жедел – талдаудан өтіп, бұл шараның мақсаты қарапайым адамға бүгінгі таңда АИТВ-оң нәтижесі болған жағдайда да уақытылы ем жүргізу барысында өмірді ұзартуға болады.
Акция барысында мамандар ақпараттық-білім беру материалдары мен жеке қорғаныс заттары таратылды. Бұдан басқа келген адамдарға АИТВ талдаудан өт деген жазуы бар білезіктер таратылды. Қалаған пациенттер тегін, жасырын түрде АИТВ жедел талдаудан өту мүмкіндігі болды. Акцияға 16 адам қатысты.