140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен қаражат

14.12.2017

Биылғы қараша айында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-на 6,2 млрд теңге сақтандыру төлемдері түсті.

Жүйе іске қосылған шілде айынан қарашаның соңына дейін қордың Ұлттық банктегі шотына түскен қаржы мөлшері 24,8 млрд теңгеге жетті. Оның 20,2 млрд теңгесі (жалпы соманың 81 пайызға жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған жарнасы болса, қалған 4,6 млрд теңге (19 пайызға жуығы) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы (жалпы соманың 21,7%) және  Астана (12%) қалалары, сондай-ақ, Қарағанды (8,2%) және Шығыс Қазақстан (7,2%) облыстары көш бастап тұр. Павлодар облысының жарналары жалпы сомадан 4,7% құрайды.

Бұл көрсеткіштер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының алдын ала жасаған болжамдарына толық сәйкес келеді.

Сіз нақты ақпаратты Фонда – fms.kz, сайтында Facebook, instagram – @fms.kz әлеуметтік желілерінде ала аласыз.

 

            «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа