Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы ауданда толыққанды мерекеленді.
17 наурызда емхананың мәжіліс залында “Ұлы дала елі” партиялық жобасы аясында, Наурыз мейрамын мерекелеуге орай, салтанатты жиналыс өткізілді. Емхана бас дәрігері Г. Қайырбаевамен құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табысталды.
18 наурызда Павлодар ауданының мәжіліс залында салтанатты шара өткізілді. Аудан әкімі атынан алғыс хатқа Достық ауылы медициналық пунктінің фельдшері Ф.Қ. Байдалинова ие болды.
21 наурызда Павлодар ауданы Заря ауылында Наурыз мейрамы мерекеленді. Ең жақсы киіз үй байқауында, 11 киіз үй қатысушылары арасында, «Павлодар ауданының емханасы» КМҚК киіз үйі жеңіске жетті.

Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.