140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Ұлттық отбасы күні

10.09.2017

2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жоспар шараларын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі «Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдырудың кейбір мәселелері туралы» № 825 бұйрығы жүзеге асыру шеңберінде және Ұлттық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен 2017 жылғы 10 қыркүйегінде «Отбасы, білім және әл-ауқат!» тақырыбында Ұлттық отбасы күніне арналған кең ауқымды акция өткізіледі.

Ұлттық отбасы күні шеңберінде барлық дәрігерлік амбулаторияларында репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау, фертильді жастағы әйел денсаулығы тақырыптарына халық арасында шаралар жүргізілді. Халықты ақпараттандыру мақсатымен учаскелік терапевт дәрігерлері дәрістер оқыды. Барлығы 2 дәріс оқылды (82 адам қамтылды). Чернорецк ауылының ДА және ЖОМ қызметкерлері бірлесе отырып флеш-моб ұйымдастырды. Ал 8 қыркүйек күні аудандық емханасында АҚ мен көз қысымын өлшеу бойынша ашық есік күні өтті. Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатымен 50 дана көлемінде ақпараттық-білім беру материалдары (бүктемелер мен парақшаларды) таратылды.

«Денсаулық мектеп» сабақтар кестесіне қосымша ЖЖБИ мен қажетсіз жүктілікті алдын алу, отбасын жоспарлау тақырыптары енгізілді. Барлығы 14 адамды қамтыған 2 сабақ өткізілді.

IMG_0673

IMG_0686

IMG_0684

IMG_0677

IMG_0674

IMG_0671

л






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа