140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Ұйқы без қатерлі ісігі көбіне кеш кезеңдерде анықталады, себебі ерте сатысында ауру белгілері байқалмайды немесе нақты емес болуы мүмкін

08.12.2025

Дегенмен, дертті уақытында күдіктенуге және дәрігерге жүгінуге көмектесетін бірнеше маңызды жайттар бар ⬇️

1️⃣ Дабыл беретін белгілерді біліңіз
– Сарғаю (тері мен көздің сарғаюы, қара түсті зәр, ашық түсті нәжіс) – өт жолдарының қысылуына байланысты пайда болады.
– Түсініксіз салмақ жоғалту (диета немесе күш салусыз)
– Іштің немесе арқаның ұзаққа созылған ауырсынуы (көбіне белдеулеп ауырады, түнде немесе тамақтан кейін күшейеді)
– Тәбеттің жоғалуы және тез тою
– Жүрек айну, құсу, диарея немесе майлы нәжіс (қорытылудың бұзылуына байланысты)
– Кенеттен дамыған қант диабеті (әсіресе 50 жастан кейін қауіп факторлары болмаса)
– Түсініксіз терең көктамыр тромбозы (ТКТ)

2️⃣ Диагностика: қандай тексерулер қажет?
– Іш құрылысына УДЗ (алғашқы қадам, бірақ ісікті әрқашан анықтай бермейді)
– КТ немесе МРТ (контрастпен) – анағұрлым дәл әдістер
– Эндоскопиялық УДЗ – биопсия алуға мүмкіндік береді
– Қандағы CA 19-9 онкомаркері (нақты емес, бірақ динамиканы бақылауда көмектеседі)

3️⃣ Қандай жағдайда дереу дәрігерге қаралу керек?
– Өт қабында тас болмаса да сарғаю пайда болса
– Іштің ауыруы бірнеше апта бойы басылмаса
– Еш себепсіз тез салмақ тастасаңыз
– 50 жастан кейін кенеттен қант диабеті дамыса






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа