140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

«Үздік БПҰ» «Нұр Отан» партиясы байқауының жеңімпазы атандық!

07.12.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай, «Нұр Отан» партиясымен «Үздік бастапқы партиялық ұйым» (әрі қарай — БПҰ) атағы бойынша байқау өткізілді. 100 партия мүшелеріне дейін санаты бойынша «Емхана» БПҰ  аудандық, облыстық деңгейлерде жеңіске жетті. Бірінші Президент күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының облыстық және аудандық филиалдарымен «Емхана» БПҰ дипломмен ноутбук және көп функционалды құрал сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Қазіргі уақытта нәтижелері 2016 жылғы 16 желтоқсанында күтілетін байқау республикалық деңгейде өткізілуде.

2016 жылғы 29 қарашада «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының қатарына жаңа мүшелер қабылданды. Облыстық филиалдың төрағасы Болат Бақауов Ел Тәуелсіздігінің замандастарына, олардың ішінде Павлодар ауданы емханасының хирург дәрігері Кирил Счастливцевке салтанатты түрде партия билеттерін тапсырды.

2016 жылғы 30 қарашада Павлодар ауданы әкімдігінде «Нұр Отан» партиясының Павлодар аудандық филиалының төрағасы Александр Бабенко Ел Тәуелсіздігінің замандасы Павлодар ауданы емханасының хирург дәрігері Михаил Ховалкоға салтанатты түрде партия билеттерін тапсырды.

поздравление области Счастливцев парт билет Ховалко парт билет






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа