Қызылша туралы түсініктеме жұмыстары
2019 жылғы 24 қаңтарында СӨС үйлестірушісі Б.Н. Жуматаева Кеңес ауылының ЖОББМ оқушылары үшін қызылша ауруын алдын алу тақырыбына түсініктеме жұмыстарын жүргізді.
Қызылша –қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады.Бұл 100% жұқпалы ауру ,яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе, қызылшамен ауыру қаупі жоғары болады.Міне ,сондықтан инфекция ошағында вакцина және эпидемияға қарсы шараларды жасауды қатаң сақтау өте маңызды.
Ауру себептері
Инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен,жөтелген ,түшкірген кезде бөлінеді.Вирустың таралуы сыртқы ортаның тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлары белгілі. Инфекция көзі- ол айналадағыларға 2 күн инкубациялық кезеңнен 4-ші күнгі бөртпелер шығып ауырған адам. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін.
Қызылшаның белгілері
Бұл аурудың инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін,яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады : дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі,әлсіздік,тәбеттің болмауы,құрғақ жөтел,мұрынның бітуі.Кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40.5°. қайта көтерілуі мүмкін.Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады,олар 2 аптадан кейін кетіп,тері қайта таза болады.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшадан вакцинация 1 немесе 6 жаста өткізіледі.