«Қызылшаны алдын алу» тақырыбына сынып сағаты
Новочерноярка ауылының ЖОББМ «Қызылшаны алдын алу» тақырыбына сынып сағаты өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларына сынып сағаты өте ұнады. Оқушылар иммунитетті қалай күшейту керектігі жөнінде сауалдар қойып, жеке гигиена ережелерімен бөлісті. Қызылша ауруы ауа-тамшы жолы арқылы таралатын дерт. Инфекция көзі: аурудың инкубациялық кезеңіндегі науқас адам және 4-5 күн аралығында тері бөртпесі болып табылады. Бұл ауруды жөтел, түшкіру немесе жай әңгіме кезінде жұқтырып алуға болады. Алдын алу шаралары! ⚜️уақытылы мерзімдік иммунизация; ⚜️ бөлмені жиі желдету; ⚜️ ылғалды жинау жұмыстары; ⚜️ қорғаныс таңғыштарын тағып жүру; ⚜️ әртүрлі қоғамдық шараларына қатысуды шектеу.