Қыздар арасында !
2018 жылғы 17 мамыр күні «Болашақ» ЖДО психологы Луганск ауылының ЖОМ «Қыздардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын қорғау» тақырыбына әңгіме өткізді. Әңгіме барысында тақырыпқа сай бейне роликтер көрсетілді.
Бұл тренингтің мақсаты: СӨС негізгі ақырларын ашып, бойжеткендерге сырт келбеттері олар қалай өмір сүрулеріне тікелей байланысты екендігін көрсету. Әдемі болу – қандай жақсы! Ал денің сау болса – әдемісің деген сөз! Бірақ сырт келбетіңнің әдемі болуы мен деніңнің саулығы бірге қол ұстасып жүруіне қалай қол жеткізуге болады? Оп-оңай: сырт келбетіңді ойламай, өз ағзаңның жағдайын ойлау тиіс. Егер сен сау болсаң, ол сенің бет жүзің мен жарқыраған көзіңнен көрінеді! СӨС негізгі қағидаларын ұстана отырып, өзіңді жақсы сезінесің, яғни сырт келбетің де әдемі болады!