«Қыздардың репродуктивті денсаулығын қорғау»
2019 жылы 12 қарашада Набережное ауылының орта мектебінде 8-11 сынып қыздары арасында мектеп мейірбикесі мен ДА дәрігерімен бірге «Қыздардың репродуктивті денсаулығын қорғау» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында жеке гигиена, тері мен шашты күтудің қарапайым ережелері қарастырылды.
Жасөспірім қыздың гигиенасы физиологиялық процестермен, оның ағзасында болатын өзгерістермен байланысты болуы керек.
Сондықтан қарапайым ережелерді сақтау және қыздың жеке гигиенасы сияқты маңызды тақырыпқа жауапкершілікпен қарау маңызды.
Дәріс соңында барлық оқушыларға СӨС насихаттау бойынша АБМ таратылды