140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

«Қолыңызды таза ұстап, адам өмірін сақтаңыз»!!!

15.05.2018

ДДСҰ жыл сайынғы кампаниясы шеңберінде, Павлодар аудандық Поликлиникасы қол гигиенасына арналған «Қолыңызды таза ұстап, адам өмірін сақтаңыз!» ұранымен кампаниясына белсенділікпен қатысты. Бұл кампания пациенттердің қауіпсіздігі, қол гигиенасын ұстану, аурухана ішіндегі инфекцияларды алдын алу және микробтарға қарсы тұру препараттарына қарсы тұруының таралуына бағытталған. Емхана қызметкерлері Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінің студенттерімен «Қолыңызды таза ұстап, адам өмірін сақтаңыз!» ұранымен флешмоб өткізді. Сонымен қатар емхана негізінде «Қол жуу алгоритмін ұстану» тақырыбына қызметкерлер үшін семинар өткізілді. Медициналық қызмет көрсету кезінде микро ағзалар қол арқылы таралудың негізгі жолы болып табылады. Сондықтан қол гигиенасы – медициналық көмек көрсету кезінде зиянды микро ағзалардың, әртүрлі жұқпалардың таралуына жол бермеудің маңызды шарасы. Қолыңыз қан және басқа биологиялық ертінділермен былғанса және дәретханадан кейін міндетті түрде сабынмен жуып отыру қажет. Clostridium difficile ауру таралуы байқалса, қолды сабындап, кейін сумен шаю арқылы жуу керек. Қолыңызды спиртті негіздегі антисептиктерімен сүртіп отыру қажет. Бұл заттар сабын мен судан гөрі тиімді.






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа