140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

«Қауіпсіздік. Заң. Жасөспірім» акциясы

12.02.2019

«Қауіпсіздік. Заң. Жасөспірім» республикалық акциясы шеңберінде 2019 жылғы 12 ақпанында Мичурино ауылының ЖОМ 8-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Акция мақсаты – кәмелет жасына толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу мен олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Бұл кездесуге Павлодар ауданының кәмелетке толмағандар істері бойынша инспекторы Каирбаева Н.К., Павлодар ауданы емханасының психологы Жуматаева Б.Н. қатысты. Полиция майоры Каирбаева Н.К. ҚР Қылмыстық Кодексі мен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық баптары бойынша түсінік берді.

Психолог Жуматаева Б.Н. оқушыларды темекі, ішімдік, нашақорлық пен кальян адам денсаулығына зиян келтіретінін түсіндірді. Барлық акция қатысушыларын өз денсаулықтарын сақтауға кеңес берілді.






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа