Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күні
2018 жылғы 04 маусымында Павлодар ауданының поликлиникасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күнін тойлауға арналған жиналыс өткізілді. Осы күні 1992 жылы біздің еліміз әлемге танылды.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Мемлекеттік ту — көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Бiрыңғай көк түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.
Былтыр, яғни 2017 жылы Қазақстан Республикасы Елтаңбасының жаңа стандарты қабылданды. Елтаңба авторы – Жандарбек Мәлібеков. Қазақстанның Елтаңбасы түсі жағынан өзгерді. Елтаңба алтын түсті реңкіде орындалған. Үстіңгі жағындағы жұлдыз үлкейіп, төменгі жақтағы «ҚАЗАҚСТАН» жазуы да өзгерген. Жұлдыз – бейбітшілік, достық пен мәңгілік белгісі. Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелі түркілер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Әнұранның сөзін Қазақстан Республикасының әр азаматы жатқа білуі тиіс. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша, 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 10 қаңтарда мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әнін жазған – композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар – Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов.