140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

«Шылым шегу – денсаулыққа зиян келтіру»

15.11.2018

2018 жылғы 15 қарашасында Павлодар ауданы емханасының «Болашақ» ЖДО психологы Б.Н. Жуматаева мен полиция майоры кәмелетке толмағандар істерінің иснспекторы Н.К. Каирбаевамен бірлесе отырып, Халықаралық шылым шегуден бас тарту күніне орай (15 қараша), «Шылым шегуден бас тартуға керемет күн» Ұлттық бағдарламасы шеңберінде Луганск ауылының ЖОМ 9-11 сынып оқушыларына «Шылым шегу- денсаулыққа зиян келтіру» тақырыбына интерактивті сынып сағатын өткізді. Оқушылармен адам қандай жағдайда шылым шеге бастау себептерін анықтап алғымыз келді.

— ересек адамға ұқсау тілегі

— әуесқойлық

— ересек балалар ұсынады

— іш пысу

— серік болу үшін

— арықтау үшін

— бедел

— отбасы мүшелері шылым шеккендіктен

Сабақ барысында оқушылармен бірге жасаған қорытындымыз:

— Шылым шегу адам денсаулығына зиян келтіріп, өмірді қысқартады;

— Шылым шеккен адам ағзасы шылым шекпейтінге қарағанда ертерек тозады;

— Темекі түтіні шылым шегушінің денсаулығына ғана емес, сонымен қатар бұл түтінмен демалатын адам денсаулығына да зиянды;

— Адам, әсіресе әйел сұлулығы жойылады;

— Никотин бостандықты алып, адамды құл қылады.

Сондықтан әуесқойлық немесе біреуге ұқсау, Сіздің немесе Сіздің балаларыңыздың денсаулығына тұрмайды!

IMG_1379 IMG_1378






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа