Халықаралық туберкулезбен күрес күніне орайластырылған туберкулезді алдын алу айлығын өткізу бойынша «Ашық есік күні»
2017 жылғы 17 наурыз күні Павлодар ауданының поликлиникасында Халықаралық туберкулезбен күрес күніне орайластырылған туберкулезді алдын алу айлығын өткізу бойынша «Ашық есік күні» өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты: тұрғындардың туберкулез бойынша ақпараттандырылуын арттыру, туберкулездің бастапқы белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгіну және жастар мен тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Бұл күні фтизиатр дәрігері К.Б. Шыныбаева 30 адамды қабылдап, кеңес берді. Поликлиникада туберкулезді бастапқы кезеңдерде диагностикалау және алдын алу шаралары бойынша бейнероликтер көрсетілді. Барлық келушілерге туберкулезді алдын алу шаралары бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылған.