Халықаралық жүрек күні
2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жоспар шараларын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі «Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдырудың кейбір мәселелері туралы» № 825 бұйрығы жүзеге асыру шеңберінде.
Қазақстан Республикасы аймақтарында 2017 жылғы 20-29 қыркүйек аралығында Халықаралық жүрек күніне орайластырылған қан айналымы жүйесі ауруларын алдын алу бойынша онкүндігі өтті.
Халықаралық жүрек күніне орайластырылған қан айналымы жүйесі ауруларын алдын алу бойынша онкүндігі шеңберінде 2017 жылғы 26 қыркүйек күні Павлодар ауданының поликлиникасында АҚ және сынақ жолақтарымен холестеринді анықтайтын диагностикадан 124 адам өтті. Халықты ақпараттандыру мақсатымен учаскелік терапевт дәрігерлері дәрістер оқыды. Барлығы 5 дәріс оқылды (73 адам қамтылды). Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатымен 100 дана көлемінде ақпараттық-білім беру материалдары (бүктемелер мен парақшаларды) таратылды.
Поликлиника холында қан айналымы жүйесі ауруларын алдын алу бойынша және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде аудио және бейне материалдар көрсетілген.