Халықаралық балаларды қорғау күні
2017 жылғы 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күнін тойлау шеңберінде «Бұл әлемді балаларға сыйлаймыз!» ұранымен ШЖҚ «Павлодар ауданының поликлиникасы» КМК кәсіби одақ комитеті мен «Болашақ» ДМО бірлесе отырып «Ең жақсысы балаларға!» тақырыбына мерекелік концерт ұйымдастырды. Бұл шараға емхана қызметкерлерінің балалары қатысты. Түлкі, Аю және Мыстан кемпір қатысқан театр қойылымына балалар белсенді қатысты. Жұмбақ шешіп, ән айтып, би биледі.
Кейін балаларды ШЖҚ «Павлодар ауданының поликлиникасы» КМК орталық кіреберіс алдында «Бала көзімен – Әлем» тақырыбына асфальттағы сурет конкурсы өтті. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді.
Чернорецк ауылының ДА әлеуметтік қызметкері мереке қарсаңында балабақшада флешмоб өткізді.
Мереке соңында кәсіби одақ комитетінің қаражаты есебінен барлық балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.



Сіз денсаулық сақтау саласындағы өтінішіңізді WhatsApp 87770031414 нөмері бойынша Павлодар облысы әкімінің атына беру мүмкіндігіңіз бары туралы хабардар етеміз.