Халықаралық балаларды қорғау күні
Халықаралық балаларды қорғау күні — ең көне халықаралық мерекелердің бірі. Оны өткізу туралы шешім 1925 жылы Женевада балалардың әл-ауқаты мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданды.
Балалар-бұл біздің ең құнды нәрсе, сондықтан оларға қамқорлық жасау және олардың өмірін мүмкіндігінше жақсырақ жасау қажет. Өйткені, балалардың күлкісі мен бақытты көздері-әлемдегі ең үлкен байлық.
2019 жылы 1 маусымда “Зеленая роща” демалыс базасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Көңілді сайыстар, ойындар, әндер, билер ұйымдастырылды. Аурухананың кәсіподақ комитеті барлық балаларға сыйлықтар сыйлады.