140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Тұмауға қарсы екпе егу

23.10.2018

1-ші қазаннан бастап Павлодар облысының барлық емханаларда «Гриппол плюс» препаратымен (Ресейде өндірілген) тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Вакциналауды тіркелген емханаңызда жасап береді. Екпені халықтың әлсіз топ мүшелері тегін негізде алоа алады. Бұл топқа: созылмалы дерттермен ауырған балалар мен ересек адамдар, жүкті әйелдер, 60 жастан асқан адамдар мен медициналық қызметкерлер кіреді.  Қалғандары вакинаны ақылы негізде ала алады. Павлодар ауданы емханасында ақылы вакцина алу бағасы 1500 теңгені құрайды. Осындай алдын алу шаралары 2 аптадан кейін тиімділігін көрсете бастап, жыл бойы сақталады. Егер вакциналаудан бас тартсаңыз, эпидемиологиялық кезең ішінде алдын алу шараларын сақтанғаныңыз жөн. Көпшілік жиналатын орындарға бармау, таңғыштарды киіп жүру. Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда, 1 аптаға дейін үйде отырып, дереу дәрігерді шақыртқаныңыз дұрыс. Біз тұрғындарды вакциналаудан өтуге шақырамыз! Ауырмау үшін, екпе алған жөн!

Барлық сауалдарыңызды төмендегі телефондарына қоя аласыз:  8 7182 (66-86-70), 8-708-466-86-70 (ұялы және WhatsApp).

52BB243F-6A62-4624-B175-09E352B1F470 4C179441-F4D5-4695-9211-5D77DE640CEB E5AB8E9C-4435-470A-9A15-B9F3F7DD6ACC






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа