Туберкулезді алдын алу бойынша дәріс
Туберкулезді алдын алу айлығына орайластырылған дәрістер Григорьевка, Красноармейка, Ново-Черноярка ауылдарының 6-11 сынып оқушылары алдында дәрістер оқылды. Оқушылар иммунитетті қалай күшейтуге болатынын, салауатты өмір салтын ұстану, өзін дерттен қалай сақтап қалу, «Жөтел әдебін» көрсетіп үйренді. Сонымен қатар туберкулездің белгілерімен танысып, дертті қалай анықтау керектігін үйреніп, үлкендерге хабарлап, дәрігерге қарану керектігін біліп алды.