Темекі шегу және оның жасөспірімдер денсаулығына әсері
07.02.2023
Чернорецк орта мектебінде жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу мақсатында емхана психологы оқушылармен «Темекі шегу және оның жасөспірімдер денсаулығына әсері» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында темекінің зияны және никотинге тәуелділіктің зиянды әсері туралы ақпарат берілді.