Сүт безінің обырын алдын алу
Сүт безі обыры жөнінде хабардар болу Халықаралық күні қарсаңында, 2018 жылғы 15-24 қазан аралығындағы онкүндік шеңберінде:
Соңғы жылдары ҚР бойынша сүт безінің обыры онкологиялық аурулардың көшбасшысы. Сондықтан сүт безінің обырын алдын алу ем сияқты маңызды мәселе болып отыр.
Сүт безі обырының өлім көрсеткіші өкпе мен асқазан қатерлі ісіктерінен кейін 3-ші орында. Сүт безі неліктен қатерлі ісікке тез шалдығады? Стресстер мен экология барлық ағзаға әсер етеді ғой. Өйткені сүт безі әйел ағзасындағы ең гармонға бағыныңқы орган болып табылады. Ал гормоналдық мәртебеге магниттік дауыл, күн радиациясы, өмір сүру салты және жан дамылы да әсер етеді. Етеккірі 11 жастан ерте басталған әйелдерде сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу басымырақ. Сонымен қатар етеккір үзілісі 55 жастан кейін басталғандар да бұл дертке шалдығуы мүмкін. Жыныстық гормондар деңгейі жоғары, әдемі әйелдер өздерінің сүт бездерін бақылап отыруы тиіс. Сүт безі қатерлі ісігінің сырқаттанушылық көрсеткіштері: 20-25 жас аралығында – сирек, 30 жасқа дейін – бірнеше жағдай ғана, ал 35 жастан кейін әрбір 5 жыл ішінде сырқаттанушылық көрсеткіші геометриялық прогрессияда 2 есе өсіп отырады. Өзіңіз қандай зат анықтасаңыз да, өздігінен диагноз қоюға болмайды. Маммолог дәрігеріне қаранып, УДЗ өту қажет. Егер Сіздің жасыңыз 35 дейін болса, маммография ал жасыңыз 35 кейін болған жағдайда УДЗ жасалады. Сүт бездерінің УДЗ циклдің 5-8 күндерінде жасалады. 2018 жылғы 26 қазанына дейін Павлодар ауданы емханасының пациенттері тегін маммографиядан өту мүмкіндіктері болды. Сонымен қатар Сіз сауалнамадан өтуіңізге болады, егер сауалнама сұрақтарының 5 «Иә» деген жауап қайтарсаңыз, Сізге дереу маман кеңесі қажет. Сіз 3 қабаттағы 301 кабинетке қаранғаныңыз жөн. Біздің мекенжайымыз: Павлодар қаласы, Тәуелсіздік даңғылы (бұрынғы Кутузов көшесі), 200 үй, ШЖҚ «Павлодар ауданының поликлиникасы» КМК. Барлық сауалдарыңызды төмендегі телефондарына қоя аласыз: 8 7182 (66-86-70), 8-708-466-86-70 (ұялы және WhatsApp).
Өз денсаулықтарыңызға сақ болыңыз!