Семинар-тренинг
Павлодар ауданы емханасының қызметкерлері Б. Н. Жуматаева мен М. К. Каиржанова Розовка ЖОББМ “Мен СӨС үшін”оқушыларына семинар-тренинг өткізді.
Оқушылармен бірге салауатты өмір салтын ұстану үрдістері талқыланды: спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, белсенді қоғамдық өмір. Осы аспектілердің барлығы жаман әдеттердің алдын алудың және өмірлік маңызды дағдыларды қалыптастырудың ажырамас бөлігі: жеке жауапкершілік және жағымсыз құбылыстарға төзімділік болып табылады.
Жасөспірімдер арасында темекі шегу-денсаулық пен бүкіл қоғамның маңызды мәселелерінің бірі. Балалар мен жасөспірімдер үшін темекі шегудің ерекше зияны әлі жетілмеген дененің физиологиясына байланысты. Сондықтан темекі шегудің зияны, электронды темекінің зияны туралы ақпарат беру, оқушыларға салауатты өмір салтының элементтерін сіңіру өте өзекті мәселе болып табылады.