140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

«Салауаттылық – өмір салты!»

25.10.2018

Халықаралық ішімдіктен бас тарту күні  қарсаңында (2018 жылғы 22-31 қазан аралығында) Ұлттық бағдарлама шеңберінде «Салауаттылық – өмір салты» ұранымен емханада төмендегі шара өткізілген. 2018 жылғы 25 қазанында «Болашақ» жастар денсаулығы орталығының психологы Бахыт Назымбековна Жуматаева және педиатр дәрігері Майра Айткалиевна Кусманова бірлесе отырып, Ново-Черноярка ЖОМ «Біз-салауатты өмірді таңдаймыз» тақырыбына әңгіме-сабақ ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты – ішімдіктің адам ағзасына әсері, азаматтарды ішімдіктен бас тартып салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау. Жалпы 67 оқушы қатысқан. Психолог салауатты өмір салтын ұстануға насихаттайтын буклеттер, ішімдіктің адам ағзасына әсері жайында ақпарат беретін парақшалар таратты.

82AF6CC1-3344-4E21-8FB2-7882EEE7AA24






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа