140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Розов ауылындағы жаңа жедел медициналық жәрдем пункті

16.11.2018

Розов ауылының дәрігерлік амбулатория ғимараты негізінде жаңа жедел медициналық жәрдем пункті орналасатын болады.

Бұл пунктте ауысым бойынша тәулік бойы төрт тәжірибелі фельдшер жұмыс істейді. Медициналық пункт үшін Газель-бизнес негізіндегі екі санитариялық реанимобиль бөлінген. Бұл көліктер заманауи медициналық құралдармен, яғни ЭКГ (кардиометр) қашықтықтан жіберу, өкпені жасанды желдету аппараттары, иммобилизациялық шиналар, акушерлік және күйік реанимациялық қобдишалармен жабдықталған.

Сонымен бірге бригадалар барлық дәрілік және медициналық бұйымдармен жабдықталатын болады.

Розов ауылындағы жаңа жедел медициналық пункттің ашылуы Павлодар – Новосібір трассасындағы ЖКА орнына дереу жетуге, инфаркт, инсульт, ауыр жүктілік, жарақаттарға тап болған Павлодар, Успен (Розов, Ефремовка, Рождественка, Таволжан және т.б. ауылдар) аудандарының тұрғындарына сапалы жедел медициналық жәрдем көрсетуге қол жеткізеді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Павлодар облысының Новоямышево (Павлодар-Семей трассасы) және Чернорецк (Павлодар-Омск трассасы) ауылдарында осындай екі жедел медициналық жәрдем пункттері іске қосылған.

Екі жаңа объект өз тиімділігін көрсете білді. Алты ай ішінде осы пункттің қызметкерлері 2 пышақ салған, 4 миокард инфарктына шалдыққан, 2 ауыр жүкті әйел, 27 жол-көлік апатына түскен 49 адамның өмірін сақтап қалды.

IMG_1519[1] IMG_1533[1] IMG_E1534[1] IMG_1517[1] IMG_1518[1]






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа