140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Рождественск, Луганск, Ефремовко және Зангар ауылдық округ тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы

13.10.2017

13 қазан күні аудит бойынша бас дәрігер орынбасары Сауле Олжабайқызы Ибраева, Жұмыспен қамту орталығы, Оңалту қызметі, Жергілікті полиция қызметі және Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімімен бірлесе отырып, тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналысқа Рождественск, Луганск, Ефремовко және Зангар ауылдық округ тұрғындары қатысты. Қатысушыларға Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру бойынша сұрақтарға түсіндірулер берілді. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына, жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, тұратын жері және табыстарына қарамай, медициналық дәрілік көмекке бірдей мүмкүндік беретініне МӘМС кепілдік береді.Сондай-ақ, олар 2017 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 15 қазанға дейін жұмыс істейтін медициналық ұйымды еркін таңдау қағидаты бойынша медициналық көмек көрсету үшін тұрғындарды БМСК ұйымына тіркеу туралы хабардар болды. Азаматтарды тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жерінде, жұмыс орнында, оқу орнында сол әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде жүзеге асырылады.

IMG_1894






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа