Психологиялық тұрғыдан белсенді заттарын қолдануды алдын алу бойынша дәріс
Денсаулығы бар адамда бәрі бар! Розовка ауылының ЖОББМ 7-9 сынып оқушыларына психобелсенді заттарын қолдануды алдын алу тақырыбына дәріс оқылды. Мақсаты – оқушылардың психологиялық және дене денсаулығына ерекше көңіл бөлуді насихаттау. Балаларға салауатты өмір салтын ұстану аспектілері мен қауіп факторлары айтылған болатын. Отбасы мүшелері алдында жауапкершілік пен болашақта адами қасиеттерін сақтап қалуға ерекше көңіл бөлінді. Дәріс соңында оқушылар сауалдар қойып, жауап алған.