Президент Жолдауын Талқылау
2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VI шақырылымның бесінші парламенттік сессиясының ашылуында Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысы барысында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етті. Жолдау қазақстандықтардың кең қолдауына ие болды. Бүгінгі күні барлық мекемелерде, ұйымдарда Мемлекет Басшысының жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер ұйымдастырылып, жолдау мәселелері кеңінен талқыланды.
Осы іс – шараға Павлодар ауданы емханасының қызметкерлері де қосылды, осылайша 4 қыркүйек күні бас дәрігер Г. М. Қайырбаева Мемлекет басшысының Қазақстан халқына “Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.
Гүлназ Мақанқызы сөз сөйлегенде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге тоқталды. “2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады.
Әр адамға: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін сақтап келеді. Оны қаржыландыруға келесі үш жыл ішінде 2,8 трлн астам бағытталатын болады. Біздің жетекші өз кезегінде, МӘМС жүзеге асыру медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған”, – деп ҚР Президентінің сөзін айтты.