140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

Павлодар облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы өңіріміздің медициналық ұйымдарында еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

22.06.2026

Қор ұжымы денсаулық сақтау саласы мамандарының халық денсаулығын жақсарту жолындағы қажырлы еңбегі мен жоғары кәсібилігін ерекше атап өтті.

Сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуде және медициналық сақтандыру жүйесін дамытуда дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің рөлі ерекше маңызды.

Осы айтулы мереке аясында медицина саласына қосқан елеулі үлесі мен адал еңбегі үшін бірқатар медицина қызметкерлері Филиал атынан арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында Павлодар ауданы емханасының провизоры Гусева Анна Валерьевна да бар.

Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық және кәсіби табыс тілейміз!






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа