Павлодар ауданының 90-жылдық мерейтойы
Бүгін Красноармейка ауылының АМҮ Павлодар ауданының 90-жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өткізілді. Әкім Александр Бабенко жыл қорытындыларын жасап, мерейтойлық шараларға белсенді қатысқан барлық аудан тұрғындарына алғысын білдірді. Өлкесі алдында ерекше жұмысы, ауыл дамуына зор үлес қосқан көпжылдық еңбегі үшін 13 тұлға «Павлодар ауданына 90 жыл» медалімен және 19 адм мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталған. Солардың ішінде біздің қызметкерлеріміз де бар: Омарова Бахыт Каримовна, Сейтказина Гульнар Нуралиновна, Бакирова Макпоз Набиевна және Мамаева Шолпан Турсуновна. Шара барысында аудан жетістіктері бойынша фильм және ерекше концерттік нөмірлер көрсетілген.