МӘМС мәселелері бойынша түсініктемелер
Павлодар ауданы емханасының спикерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы (МӘМС) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Жұмыс барысында емхана қызметкерлері МӘМС енгізумен байланысты барлық мәселелер бойынша түсінік береді: емханаға тіркелу тәртібі, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзінің мәртебесін анықтау және МӘМС жұмысының схемасы.
Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұратын жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қол жеткізуге кепілдік береді.