140010, г. Павлодар, ул. Малайсары батыра, 66. Тіркеу орны - 8 (7182) 62-00-55; 50-00-06 қабылдау - 50-00-70

МӘМС және ЕСН енгізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгімесі

23.10.2019

2019 жылғы 23 қазанында Павлодар ауданы емханасының спикері Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Н. П. Кузятпен бірлесіп Луганск ауылында МӘМС және ЕСН енгізу мәселелері бойынша ақпараттық – түсіндіру әңгіме өткізді. Спикер Акку Асхатовна міндетті төлемдер мен граhtps://ppr.depzdrav.kz/wp-admin/edit.php?post_type=wpl_post_servicesждан санаттары туралы айтты, олар үшін мемлекет жарналарды төлеуді жүзеге асырады, МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек алатыны жөнінде сөз қозғады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Осы уақыттан бастап жұмыс беруші қызметкердің табысынан бастайды 1% мөлшері көлемінде жарнаны ұстап, аудара бастайды, ал 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап белгіленген табыстың – 2% аударылады.

Биылғы жылы жұмыс берушілер медициналық сақтандыру қорына әрбір қызметкердің есептелген табысы мөлшерінің 1,5% – ын өз қаражаты есебінен аударады. 2020 жылы әрбір қызметкер үшін 2% және 2022 жылы 3% төлей бастайды.

Қызметкерлер МӘМС жағдайында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қалай өтетіні туралы белсенді сұрақтар қойды. Медициналық сақтандыру бойынша сұрақтарға 1406 байланыс орталығына қоңырау шалып жауаптарды алуға болады. Сонымен қатар, медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша Павлодар ауданы емханасының сенім телефонына хабарласуға болады: 66-86-70, 87084668670

RSBC7377






Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа