Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттарын түсіндіру бойынша жұмыс (МӘМС)
Павлодар ауданы емханасының қызметкерлері халық арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) негізгі принциптерін түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Бұл жолы халықты ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстары рентген бөлімшесінде 21 адамды қамтыған. ⠀Спикер Саканова Г. Б. тұрғындарды МӘМС енгізумен байланысты мәселелермен таныстырды.
МӘМС артықшылықтары :
* Сіз өз қалтаңыздан Медициналық қызметке қаражатты аз жұмсайсыз;
* Сіз клиника мен дәрігерді өзіңіз таңдайсыз;
* Медициналық көмек Сіздің кірістер мен жарналар мөлшеріне байланысты емес;
* Сіздің сақтандырылуыңыз диагнозды, емдеуді және қымбат оталарды жабады.